(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
"OTAU TV" жерсеріктік телерадиохабар тарату желісінің абоненттік жиынтығын ретке келтіру бойынша нұсқаулық
"OTAU TV" жерсеріктік телерадиохабар тарату желісінің абоненттік жиынтығын ретке келтіру бойынша нұсқаулық

Абоненттік жиынтық қондырғысын орналастыру үшін қойылатын негізгі талаптар:

1) ғарыш аппаратына тікелей көріну (тікелей көріну аймағында ғимараттар, ағаштар және т. б. кедергілердің болмауы.);

2) антеннаның ғимаратқа берік бекітілуін қамтамасыз ету;

3) қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу үшін антеннағы еш кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4) антеннаға шатырдан немесе өзге де құрастырылмнан жаңбыр суы, мұздақтардың түсу мүмкіндігін болдырмау;

5) Кабельдің ұзындығын азайту үшін антенна мен жерсеріктік қабылдағыштың жақын орналасуы, неғұрлым жақын орналасқан сайын сигнал деңгейі жоғары болмақ.

Абоненттік жиынтықтың құрамына енетін заттар:

1) Офсеттік жерсеріктік антенна жиынтығы (рефлектор, тартқыштар, діңгек, позиционер, сəулелендіру құралын ұстағыш, бекіткіштер).

Сигналды сенімді қабылдау үшін антенна диаметрі аймаққа байланысты, 0,9 бен 1,2м аралығында болады.

2) әмбебап шуылы аз күшейткіш блок;

3) F- типіндегі қыспақ астындағы жалғағыш;

4) RG-6 кабелі;

5) жиынтықта тұрмыстық жерсеріктік қабылдағыш, немесе САМ-модуль (теледидардың СІ-жалғағышы мен жерсеріктік телеарнаны көрсетуге мүмкіндігі болған жағдайда).


Қайта теңшелімдеу жұмыстарының көлемі әрбір абоненттік жиынтық үшін антеннаның орналасқан жері, кабель ұзындығы, жерсеріктік қабылдағыштың орналасу нүктесіне байланысты бөлек анықталады. Абоненттік жиынтықтың құрамындағы қондырғыны орнатудың негізгі талаптарын орындау кезінде, KazSat-3 ғарыш аппаратынан сигнал қабылдау үшін негізгі жұмыстардың бірі – антеннаны қайта күйге келтіру болып табылады. Абоненттік жиынтық қондырғысын орнату талаптары бұзылған және антеннаны KazSat-3ғарыш аппаратына қайта күйге келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда антеннаны басқа жерге ауыстыру қажет, бұл абоненттік жиынтықты жаңа монтаждау жұмыс көлеміне сәйкес келеді.

Жерсеріктік антеннаны Intelsat 904 (60°E) жерсерігінен KazSat-3 (58,5°Е) ауыстырып күйге келтіру үшін ең алдымен жерсеріктік ресиверге немесе САМ-модуль қолданатын болсаңыз теледидарды қайта теңшелімдеу қажет.

Бірінші қадам: Абоненттік қондырғыны күйге келтіру

  • Бағдарламалық жасақтаманың (БЖ) соңғы құсқасына алдын-ала жаңартылып қойылған жерсеріктік қабылдағыш қолданатын болсаңыз, мәзір арқылы қабылдағышты зауыттық теңшелімге түсіріңіз, ары қарай жерсерікті таңдау кезінде KazSat-3 көрсетіңіз, төменде сигналдың деңгейі мен сапасы туралы ақпарат көрсетіледі (егер жерсеріктік антенна алдын-ала күйге келтіріліп қойған болса), егер KazSat-3 қолжетімді жерсеріктер тізімінде көрстелімесе, қабылдағышыңыздың БЖ нұсқасын тағы бір реттексеріңіз, бәлкім сізге БЖ жаңарту керек.
  • Егер сіз САМ-модулді теледидар қолданатын болсаңыз, келесі іс-шараларды атқару қажет:

А) теледидардың теңшелімдерінде жерсерікті таңдау кезінде, мүмкіндігінше Intelsat 904 (60°E)жерсерігінKazSat-3-ке (58,5°Е) ауыстыру қажет. Ұсынылған тізімде KazSat-3 болмаса, жерсерікті «Тұтынушылық» ретінде қолмен теріп қосыңыз;

Ә) Жиілікті LNB-ден «9750-ге» ауыстырыңыз;

Б) Трансподнер параметрлерінің теңшелімдер/өзгерістер мәзірінде 1 қосымшаға сәйкес, KazSat-3 жерсерігінің 6 танспондерін қосу қажет.

Ескерту: OTAU TV желісінің KazSat-3жерсерігі арқылы хабар таратуының алғашқы кезеңінде В4, В6, В8 деген үш транспондердің параметрлерін қолдану жоспарланған.

В)Қосылған транспондерлерді рет-ретімен таңдап, сигнал сапасының қажетті деңгейде екеніне көз жеткізу (егер жерсеріктік антенна алдын-ала күйге келтірілген болса).

Қосымша 1. KazSat-3 жерсерігі транспондерлерінің параметрлері.

П

Ғарыш аппараты

Транспондер номері

Төменгі радиожелідегі орталық жиілік, МГц

Төменгі радиожелі поляризациясы

Ескертпе

1

KazSat-3

сәуле №2

B2

10720

Н-көлденең

Барлық мультиплекстер үшін келесі параметрлер қолданылады: Модуляция 8PSK,FEC 3/4, шартты жылдамдық 30 000 Сим/с

2

B4

10762

Н-көлденең

3

B6

10804

Н-көлденең

4

B8

10846

Н-көлденең

5

B10

10887

Н-көлденең

6

B12

10929

Н-көлденең

Екінші қадам: Антеннаны күйге келтіру



Орын бұрышы – жерсерікке тікелей көрінетін сызықтың көлденеңнен шағылысатын бұрышы.

Азимут – жерсерікке көрсететін бағыт пен солтүстік арасындағы бұрыш.

Абоненттерді қайта күйге келтіру жұмыстары келесі реттілікпен жүргізіледі:

1) Антеннаның орналасу координаты анықталады (бойлық, ендік). Координаттар GPS-модулі бар құралдың көмегімен анықталады (GPS-қабылдағыш, навигатор немесе басқа құралдар);

2) жерсеріктік антеннаны қайта күйге келтіруді жүргізу үшін азимут, орын бұрышы, сондай-ақ МШУ (LNB) көлбеуінің тиісті бұрышы мәндеріне есеп жүргізіледі.Есептеу ғаламтор желісіндегі онлайн-бағдарламалар, немесе Android және MacOs операциялық операциялық жүйесіндегі қондырғыларға арналған қосымшалардың көмегімен жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер Қазақстанның әрбір аймағы үшін бөлек әрі жеке есептеледі!

Антеннаны күйге келтіруге кірісеміз.

1) Антеннаны азимут бойынша KazSat-3 (58,5°Е) жерсерігінің параметрлеріне сәйкес бұрамыз, Satfinder немесе сол тәріздес құралдың көмегімен дұрыс бұрылғанын анықтаймыз (құрал жоқ болған жағдайда, теледидар немесе қабылдағыштың мәзірінде көрсетілетін сигналдың сапасы мен деңгейіне қарап хабардар болу қажет), сигналдың барынша жоғары деңгейіне қол жеткіземіз;

2)Орын бұрышын өзгерту арқылы сигналдың барынша жоғары дейгейіне қол жеткіземіз;

3) Күйге келтірудің соңғы кезеңі: МШУ (LNB) поляризациясының (көлбеу бұрышы) ретке келтіреміз,сигналдың барынша жоғары дейгейіне қол жеткіземіз;

Ескерту: егер бір жолақты МШУ(LNB) (10 000 МГц) қолданылатын болсаңыз, оны өзгерту қажет, өйткені жерсеріктің техникалық параметрлеріне сәйкес, ол KazSat-3 сигналын қабылдай алмайды.

Антенна мен барлық параметрлерді жерсеріктің техникалық сипаттамасына сәйкестендіріп дұрыс күйге келтірген жағдайда арналарды теңшелімдеуге кірісуге болады.

Үшінші қадам: Арналарды теңшелімдеу

Мәзірге еніп, «Арналарды іздеу» мәзіріне басыңыз, «OК» түймешесін басыңыз. Арналардың толық тізімін іздестіру аяқталғанша күте тұрыңыз.

Абоненттік жиынтық жұмысын, хабар таратудың жоғалуы мен сигналдың үзілуі жоқ екенін тексерген соң KazSat-3 жерсерігіне көшу туралы ақпарат «Қазтелерадио» АҚ тұтынушыларға ақпараттық қолдау көрсету Қызметіне беріледі. Қазақстан бойынша ортақ телефон нөмірі: 193, +7 (727) 2581500.

Назар аударыңыз!

Абоненттік жиынтықтарды қайта күйге келтіру бойынша барлық жұмыстар жерсеріктік телерадиохабар тарату жүйелері саласынан хабардар, еңбек күзеті және қауіпсіздік техникасы бойынша білім алып, тексеруден өткен мамандар ғана жүзеге асыруы керек.



< Кері қайту